Филиппиннің оңтүстігінде қуатты зілзала болды
Бүгін Филиппин аралдарының оңтүстігінде қуатты зілзала болды. Оның магнитудасы 7,4 баллға жеткен. Мұны жергілікті сейсмологиялық агенттік хабарлап отыр. Жер сілкінісінен қауіптенген Коронадал, Сантос, Кайаген, Таклобан қалаларының тұрғындары үйлерін тастап, далаға қашқан. Әзірге бір адамның қаза тапқаны хабарланды. Эвакуация жалғасып жатыр. Ал Индонезияның Сулавеси аралында цунами қаупі туралы дабыл қағылған.
Айта кетсек, Филиппин Тынық мұхиттың «отты шеңберінде» орналасқан. Мұнда жыл
сайын 800-ден астам жер дүмпуі тіркелді.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Каспий» футбол клубы Премьер-лигада
20.10.2025, 20:33
«Қайрат» - «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді
20.10.2025, 20:31
Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті
20.10.2025, 20:30
БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
20.10.2025, 20:30
Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
20.10.2025, 20:29
Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті
20.10.2025, 20:29