Ультрадыбыстық диагностика аурудың алдын алады
Ультрадыбыстық тексеруден өту – ауруды ерте анықтаудың ең тиімді жолы. Мамандар жылына кемінде бір рет скринингтен өтуді ұсынады. Алматыда өткен халықаралық жиында осы бағыттағы өзекті мәселелер талқыланды. Шараға Қазақстаннан бөлек 8 мемлекеттің жетекші дәрігерлері қатысты. Мамандар онкология, кардиология және педиатрия саласындағы түйткілдерді көтеріп, жасанды интеллекттің ауруды ерте анықтаудағы рөліне тоқталды. Айтуларынша, мұндай технологиялар ел медицинасының дамуына елеулі үлес қосады. Қазір ультрадыбыстық зерттеу жеті негізгі бағытқа бөлінеді, ал бұл салада ел бойынша жеті мыңнан астам дәрігер еңбек етеді.
Асхат Құлтаев, Медицинадағы ультрадыбыстық диагностика мамандары қауымдастығының төрағасы:
Соған адамдар бір жылда бір рет скрининг ретінде өтіп тұрса, көп аурудың алдын-алуға болатын еді. Медицинаның қай саласына қарасаңыз да, ультрадыбыстық зерттеу қолданылады және болашағы мол, үлкен мамандық болып келеді. Елімізде 7 мыңнан аса дәрігер бар, ультрадыбыстық зерттеумен айналысады.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Каспий» футбол клубы Премьер-лигада
20.10.2025, 20:33
«Қайрат» - «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді
20.10.2025, 20:31
Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті
20.10.2025, 20:30
БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
20.10.2025, 20:30
Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
20.10.2025, 20:29
Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті
20.10.2025, 20:29