Алғашқы медициналық көмекке жыл сайын ₸700 млрд бөлінеді
Елімізде аурудың алдын алу мен алғашқы медициналық көмекке жыл сайын 700 млрд теңге бөлінеді. Бұл денсаулық сақтау саласына қарастырылған қаржының 40%-ы. Бүгін Астанада басталған республикалық форумда алдағы жылдары осы соманы көбейту мәселесі қаралды. Мамандардың айтуынша, қомақты қаражат барлық ауруханаларды инновациялық құрылғылармен қамтамасыз етіп, скрингтердің сапасын жақсартуға жол ашады. Бұл ретте біздің тарап форумға арнайы келген халықаралық сарапшылармен тәжірибе алмасады.
Қуаныш Ерғалиев, Қазақстандық денсаулық сақтау менеджерлері қауымдастығының
төрағасы:
Германиядан арнайы эксперттер келеді, сонымен қатар еуропалық денсаулық сақтау қауымдастығының өкілдері келіп отыр. Алғашқы көмек көрсетуді қаржыландыру механизмдерін қалай өзгертуге болады? Халықаралық тәжірибеге сүйеніп, не істей аламыз? Осыны талқылаймыз.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Каспий» футбол клубы Премьер-лигада
20.10.2025, 20:33
«Қайрат» - «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді
20.10.2025, 20:31
Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті
20.10.2025, 20:30
БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
20.10.2025, 20:30
Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
20.10.2025, 20:29
Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті
20.10.2025, 20:29