Астанада алты адамды алдаған дәрігер сотталды
Астанада 6 адамды алдап соққан дәрігер сотталды. Ол науқастарға «мүгедектік рәсімдеуге көмектесемін» деп уәде еткен. Сөйтіп бұл қызметі үшін 4 млн теңгеден аса қаржат алып, оны жұмсап жіберген. Алайда дәрігердің мұндай көмек көрсетуге ешқандай құқығы болмаған. Тергеу кезінде ол кінәсін толық мойындап, алған ақшаны кері қайтарған. Десе де сот оған бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Астана қалалық прокуратурасы әлеуметтік қызметтерді алу үшін тек уәкілетті органдарға ресми өтінішпен жүгіну керектігін ескертеді.
Автор
Қозы-Көрпеш Жасаралұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Каспий» футбол клубы Премьер-лигада
20.10.2025, 20:33
«Қайрат» - «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді
20.10.2025, 20:31
Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті
20.10.2025, 20:30
БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
20.10.2025, 20:30
Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
20.10.2025, 20:29
Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті
20.10.2025, 20:29