Мемлекет басшысы Душанбеге барды
Мемлекет басшысы Душанбе қаласына сапарлап барды. Президентті халықаралық әуежайда Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады. Ал ертең ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесіне қатысады деп жоспарланған. Үлкен жиындар алдында Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді. Тараптар екі елдің стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға бейіл екендерін растады. Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Каспий» футбол клубы Премьер-лигада
20.10.2025, 20:33
«Қайрат» - «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді
20.10.2025, 20:31
Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті
20.10.2025, 20:30
БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
20.10.2025, 20:30
Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
20.10.2025, 20:29
Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті
20.10.2025, 20:29