10 мыңнан аса адам мәйіттік донор болуға келісім берген
Елде 4300-ден аса адам ағза ауыстыруға мұқтаж. Солардың 90 пайыздан астамы бүйрекке зәру. Мамандар: «Бұл мәселені шешудің ең тиімді жолы – мәйіттік трансплантация», - дейді.
Себебі жыл сайын «күту парағында» тұрған 300-дей науқас донор таппай көз жұмады. Бүгінде ағза ауыстырудың 90 пайызы тек туыстар арасында жасалып келеді. Статистикаға сүйенсек, мәйіттік донор болуға келіскендердің көбі солтүстік және орталық аймақтың тұрғындары. Ал батыс пен оңтүстік өңір халқы әлі күнге дейін бұған үрке қарайды. eGov порталындағы сауалнамада 10 мыңнан аса адам қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берсе, 112 мыңнан астамы мүлдем бас тартқан.
Мэлс Асықбаев, Ұлттық ғылыми онкология орталығы ағзаларды транспланттау секторының жетекшісі:
Қазіргі таңда ең бірінші мәселенің бірі – донор тапшылығы. Күту парағында тұрған пациенттердің саны жылдан жылға өсіп келе жатыр. Европада трансплант орталықтарда 95-98 пайызы мәйіттік донордан жасалынады. Туыстыққа өте сирек жүгінеді.
Автор
Қозы-Көрпеш Жасаралұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Каспий» футбол клубы Премьер-лигада
20.10.2025, 20:33
«Қайрат» - «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді
20.10.2025, 20:31
Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті
20.10.2025, 20:30
БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
20.10.2025, 20:30
Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
20.10.2025, 20:29
Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті
20.10.2025, 20:29