Өскемендегі көпсалалы аурухана толық жаңартылды
Өскемендегі көпсалалы облыстық медициналық орталық биыл толық жөнделді. Ол үшін облыстық бюджеттен 545 миллион теңге бөлінді. Соңғы үлгідегі медициналық құрал жабдықтар да қойылды. Ауруханаға компьютерлік томограф пен видеоэндоскопиялық жүйе орнатылады. Медициналық мекемені жаңғыртуға ірі компнаиялар да демеу көрсетті. Өскемендегі ірі өндірістің бірі гинекология бөлімін толық жөндеуге көмектесті. Енді дәрігерлер бірқатар күрделі оталарды осы орталықтың өзінде жасайды. Осылайша өңірдегі медицина қызметінің сапасы жыл санап жаңа деңгейге көтеріліп келеді.
Бақты Кәлелова, қала тұрғыны:
2021 жылы жатқанда палатамыз өте нашар еді. Міне, бүгінгі күнге келгенде өте тамаша болды. Заманауи жататын орындары да.
Нұрымбет Сақтағанов, ШҚО әкімі:
Қазіргі таңда тек стационар ғимараты жұмыстары жүргізілуде. 6-7 қабат бітті. Кезең-кезеңімен барлық жұмыстар келесі жылдың 1-тоқсанында аяқталуы керек.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Каспий» футбол клубы Премьер-лигада
20.10.2025, 20:33
«Қайрат» - «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді
20.10.2025, 20:31
Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті
20.10.2025, 20:30
БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
20.10.2025, 20:30
Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
20.10.2025, 20:29
Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті
20.10.2025, 20:29