Бестеректегі көлік апаты: Бір ай ес-түссіз жатқан бүлдіршін көз жұмды
Тамызда Абай облысының Бестерек ауылында болған жол апатынан зардап шеккен қыз бала қайтыс болды. Бүлдіршін бір айдан астам уақыт ес-түссіз жатқан. Оқиға кезінде ол алдымен Үржар аудандық ауруханасына, әрі қарай санитарлық тікұшақпен Семейге жеткізілген. Өкінішке қарай, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Еске салайық, қайғылы жағдай 19 тамызда болған. Toyota көлігінің жүргізушісі үй маңында ойнап жүрген балаларды қағып кеткен. Салдарынан екі бала оқиға орнында, тағы біреуі ауруханаға барар жолда көз жұмды. Тағы үш бала түрлі жарақат алған. Кейін жағдайы тұрақталған екі бала санитарлық авиация арқылы Астанаға жеткізілді. Өткен айда дәрігерлер олардың сауығып, үйлеріне шыққанын хабарлады.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kcell абоненттерінің 40 пайыздан астамы 5G жылдамдығын пайдаланады
21.10.2025, 20:28

Келесі жылы ұялы байланыс тарифі қымбаттауы мүмкін
21.10.2025, 20:26
Қостанайда КІА Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 20:22
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 20:19
Әзербайжан - Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі
21.10.2025, 20:16
Ташкентте денсаулық сақтау саласына арналған форум өтті
21.10.2025, 20:14
«Қайрат»-«Пафос» ойыны: Қанша жанкүйер жиналды?
21.10.2025, 20:12
«Қайрат»-«Пафос»: Спорт сарапшыларының болжамы қандай?
21.10.2025, 20:09