Газадағы соғысты тоқтату бойынша келіссөздер басталады
Бүгін Израиль мен Хамас Газадағы соғысты тоқтату жөніндегі
келіссөздерді бастайды. Кездесу Мысырдың арағайындығымен өтеді. Ресми Каирдың мәлімдеуінше,
тараптар ең алдымен израильдік тұтқындар мен түрмеде отырған палестиналықтарды
босату мәселесін талқылайды. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп екі жақты
«тез әрекет» етуге шақырды. Әзірге Газада шайқас жалғасып жатыр. Хамастың мәліметінше,
соңғы тәулікте анклав астанасында Израильдің бомбалау операцияларынан ондаған
адам қаза тапқан. Трамптың бейбіт жоспары бойынша Газада атыс доғарылып,
кепілдегілер қайтарылуы тиіс. Сондай-ақ, Израиль әскері біртіндеп әкетіліп,
хамастықтар амнистияға сай, сектордан шығарылып, жергілікті билік өтпелі үкіметтің
қолына өтуі керек.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Каспий» футбол клубы Премьер-лигада
20.10.2025, 20:33
«Қайрат» - «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді
20.10.2025, 20:31
Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті
20.10.2025, 20:30
БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
20.10.2025, 20:30
Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
20.10.2025, 20:29
Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті
20.10.2025, 20:29