Басты Жаңалықтар Ауғанстан интернетке қайта қосылды

Ауғанстан интернетке қайта қосылды

Ауғанстан интернетке қайта қосылды. Мұны әлем елдеріндегі байланысқа мониторинг жасайтын Netblocks ұйымы растады. Ауғанстанның бүкіл аумағы соңғы 48 сағатта жаһандық желіден ажыратылып, кәсіпорындардың жұмысы тұралады. Сонымен қатар ұшақтар әуеге көтеріле алмады. Шетелмен байланыс үзіліп, ақша аударымдары тоқтап, экономикалық тұрақтылыққа қауіп төнді. Тәліптер үкіметінің мәлімдеуінше, бұған талшықтық-оптикалық кабельдердің тозғаны және олардың жаңартылып жатқаны себеп. Алайда бірнеше күн бұрын Балх провинциясы губернаторының өкілі айтқандай, Ауғанстанда интернет «азғындықты тоқтату мақсатында» бұғатталды.


Бөлісу