«Талибан» үкіметі интернетке тыйым салғандарын растамады
Ауғанстандағы «Талибан» үкіметі бүкіл елде интернетке тыйым салынды деген ақпаратты жоққа шығарды. Дегенмен, оның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, мемлекет аумағында байланыстың үзілуіне талшықты-оптикалық кабельдердің тозуы мен олардың қазір ауыстырылып жатқаны себеп. Өткен айда Ауғанстанның бірнеше провинциясының басшылығы «Талибан» лидері Хибатулла Ахунзаданың бұйрығымен интернет тоқтағанын растады. Ал дүйсенбі күні интернет қолданушылар құқығын қорғаумен айналысатын «Нетблокс» ұйымы Ауғанстанның барлық жерінде және Кабулда байланыстың нашарлағанын хабарлады. «Ассоушиэйтид пресс» агенттігінің мәліметінше, бұл проблеманың қашан шешілетіні әзірге белгісіз.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Каспий» футбол клубы Премьер-лигада
20.10.2025, 20:33
«Қайрат» - «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді
20.10.2025, 20:31
Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті
20.10.2025, 20:30
БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
20.10.2025, 20:30
Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
20.10.2025, 20:29
Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті
20.10.2025, 20:29