АҚШ-та бірнеше мемлекеттік мекеме жұмысын тоқтатты
Америка Құрама Штаттарында кейбір федералдық мекемелер жұмысын тоқтатты. Бұл процесс шатдаун, яғни жабылу деп аталады. Оған АҚШ Сенаты федералдық шығындарды қаржыландыру туралы екі заң жобасын қабылдай алмауы себеп болды. Сейсенбіде Ақ үйдің бюджет басқармасы шатдаунды растап, оған демократтарды айыптады. Конгрестің қос палатасы республикалықтардың бақылауында болғанымен, оларға шығындар туралы заң жобасын қабылдауға Сенатта 60 дауыс жетпейді. Ал демократтардың пікірінше, құжат медициналық қызметтерге америкалықтардың қолжетімділігін қиындатуы мүмкін. Осылайша екі партия қазанда мемлекеттік қызметті қаржыландыруға қатысты заңды бекіте алған жоқ. АҚШ-та мұндай шатдаун 7 жыл бұрын болған еді.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Каспий» футбол клубы Премьер-лигада
20.10.2025, 20:33
«Қайрат» - «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді
20.10.2025, 20:31
Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті
20.10.2025, 20:30
БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
20.10.2025, 20:30
Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
20.10.2025, 20:29
Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті
20.10.2025, 20:29