Филиппиндегі зілзаладан 69 адам қаза тапты
«Буалой» тайфуны мен тағы екі дүлей дауылдан ес жиып үлгермеген Филиппин аралдарында зілзала болды. Қуаты 6,9 балдық жер сілкінісінен 69 адам қаза тауып, жүздеген тұрғын жараланған. Дүмпу ошағына жақын жердегі Бого қаласында ауруханалар лық толған. 3 млн астам адам тұратын Себу провинциясында қуатты зілзаладан кейін 600-ден астам афтершок болды. Дүмпулер іздеу-құтқару жұмыстарын қиындатып отыр. Елді мекендерде электр жарығы өшіп, жолдар мен ғимараттарға зақым келді. Апат болған аудандарда құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Каспий» футбол клубы Премьер-лигада
20.10.2025, 20:33
«Қайрат» - «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді
20.10.2025, 20:31
Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті
20.10.2025, 20:30
БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
20.10.2025, 20:30
Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
20.10.2025, 20:29
Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті
20.10.2025, 20:29