Президент БАӘ қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрін қабылдады
Мемлекет басшысы БАӘ Қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрі Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді қабылдады. Президент Әмірліктердің қорғаныс өнеркәсібіндегі жетістіктеріне тоқталып, озық технология мен инновация бағытындағы тәжірибе алмасу мүмкіндіктеріне назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетаралық қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін айтты. Мәртебелі мейман бұл сапар әскери саладағы өзара ықпалдастықты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді. Кездесу соңында Мемлекет басшысы екі ел арасындағы ынтымақты нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
