Қоңыр аю малға маза бермей тұр
Абай облысы, Жарма ауданының шаруаларына аю маз бермей тұр. Екі жылдан бері көбейіп кеткен жыртқыш, биыл тіпті есірген. Жаз бойы жайылымда жүрген малды жайратқан. Енді қыстаулардағы қораның есік терезесін қопарып кіріп, қамаудағы ірі қараны да қынадай қырып жатыр-дейді тұрғындар. Биылғы жаздың өзінде шаруашылықтардың әрқайсынан кем дегенде 5-6 қараны жемтік қылған. Кейбір қожалықтардан қонжық 17 бас сиырға дейін жеп кеткен. Енді малды қойып адамға шаба ма-деп көпшілік үрейленіп отыр. Ал атуға рұқсат жоқ. Сондықтан аудан әкімшілігі арнайы комиссия құрып, кәсіби аңшылардан көмек сұрауға мәжбүр.
Мейрамғали Жармағанбетов, Қапанбұлақ ауылының тұрғыны:
Нарботаның өзі маған қоңырау шалып, «17 басымды әкетті» деді. Менен сегіз бас, жылқыдан үш бас кетті. Осыдан кейін тоқтадық. Жоғарыда Төкен аға мен Нұрбан апай бар, олар аңдып жүр. Болжамымша, осы аптада олардан да тағы мал алып кеткен сияқты.
Берік Сәмежанов, Жарма ауданы әкімінің орынбасары:
Қоңыр аюлардың шабуылына қарсы күрес жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, құқық қорғау қызметкерлері, тиісті басқарма басшылары және мемлекеттік үлгідегі аңшылық куәлігі мен қаруды сақтау және алып жүруге рұқсаты бар 28 азамат енгізілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
