Кезекті Kinoplexx 5 кинотеатры ашылды
Алматыда Kinoplexx кинотеатрының тағы бір желісі ашылды. Заманауи әрі соңғы үлгідегі кинотеатр «Maxima» сауда-ойын-сауық кешенінде орналасқан. Бір мезетте 400-ге жуық көрерменді қабылдай алады. Ашылу салтанатына орай шоу бағдарлама ұйымдастырылып, жеңімпаз қонақтар сый-сияпаттар табысталды.
Кішкентай көрермендер үшін қызықты шоу-бағдарлама, тегін тәттілер мен сусындар. Түрлі ойындар ойнатылып, жеңімпаз қонақтарға сый-сияпаттар ұсынылды. Алматылықтар үшін жаңа кинотеатрдың ашылуы көңілді мерекеге айналды.
Айдын Бекпауков, «Кinoplexx Тheatres» кинотеатрлар желісінің басқарушы директоры:
Бүгін командамыз үшін – ерекше күн. Біз Kinoplexx желісінің 11-кинотеатрын аштық. Концепциямызда «Кинотеатр үйдің жанында болуы керек», - деген. Оқушыларға мектеп жанында, үйлерінің жанында, кептелісте көп тұрмасын деп.
Кинотеатрдың артықшылығы көп. Заманауи дыбыс жүйесі мен cоңғы үлгідегі проекциялық технологиялар орнатылған. Тағы бір тың тәсіл – «Black box» тұжырымдамасы, яғни, зал іші тұтастай қара түске боялған. Бұл әдіс бар назарды экранға аударып, көрерменнің кино көруден ерекше әсер алуына мүмкіндік береді.
Эльмира Бақтыбаева, «Maxima» сауда және ойын-сауық кешенінің директоры:
Осы кинотеатрдың ашылуына бар күшімізді салдық. Kinoplexx ерекшелігі, бұл салада №1 компания, экрандары заманауи, креслолары шетелден алынған, даусы сыртқа естілмейді.
Техникалық жабдықталуы мен көрерменге ұсынар
жайлылығы жағынан үздік саналатын Kinoplexx Максима бес залдан тұрады, бір мезетте 400-ге жуық көрермен
кино тамашалай алады. Ал Орталық Азиядағы ең ірі Kinopark-Kinoplexx желісі
келесі жылы тағы 6 кинотеатр ашуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
