Алматыда BRAUIC-2025 халықаралық форумы өтті
Ұлттық ғылым академиясы мен Халықаралық білім беру корпорациясының ұйымдастыруымен Алматыда BRAUIC-2025 халықаралық форумы өтті. Оған 39 елден 91 университет пен ғылыми орталықтардың өкілдері қатысты. Форумда сәулет-құрылыс саласындағы цифрлық технологиялар, жасыл технологиялар, білім берудің жаңа моделі мен Smart City жобалары талқыланды. Сондай-ақ, Қазақстан мен Қытайдың жетекші оқу орындары және Ұлттық ғылым академиясы сәулет-құрылыс саласындағы бірлескен білім беру мен ғылыми-зерттеу бағытында үшжақты меморандумға қол қойды. Іс-шарада Алматы қаласы мен оның маңындағы аймақты заманауи технологиялар арқылы тұрақты әрі жайлы өңірге айналдыруға бағытталған нақты жобалар жан-жақты қаралды.
Бақтияр Сәбденалиев, Халықаралық білім беру корпорациясының ректоры:
Басқосудың мақсаты – болашақ сәулет және құрылыс саласының алдында тұрған үндеулерге жауап беру. Ол - цифрлық құрылыс, сәулет. Бұл - жасыл стандарттар. Бұл тұрақты дамудың қағидаттарын осы салаға енгізу және де бұның барлығын ғылым мен біліммен байланыстыру.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
