Инвесторларды қолдаудың жаңа тетіктері енгізіледі
Елімізде инвестициялық ахуалды жақсарту үшін инвесторларды қолдаудың жаңа тетіктері енгізіліп жатыр. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов мәлімдеді. Оның айтуынша, инвестиция тарту жөніндегі кеңестің рөлі күшейді. Енді инвесторлар барлық рәсімнен жедел әрі оңай өте алады. Өңірлік инвестициялық штабтар құрылып, инвесторларды іздеуден бастап, жобалардың аяқталуына дейін толық сүйемелденбек. Барлық үдеріс Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа арқылы қадағаланбақ. Сондай-ақ бизнеске қысымды азайту мақсатында инвесторларға қатысты кез келген шешім мен шектеу прокуратурамен келісіледі дейді ведомство өкілі.
Арман Қасенов, ҚР Ұлттық Экономика
вице-министрі:
Үкімет инвестициялық ахуалды жақсартуға тұрақты түрде көңіл бөліп келеді. Инвесторлар үшін барлық рәсім жеңілдетіліп, өңірлік штабтар құрылды. Құны 54 миллион доллардан асатын жобаларға заңнамалық тұрақтылық кепілдігі берілді. Ал басым салалардағы жобаларға «жасыл дәліз» жүйесі қолданылады. Ендігі басты міндет – 2029 жылға қарай экономиканы екі еселеу. Алда технология тарту, мамандарды оқыту және қазақстандық өнімдерге жаңа нарықтар ашу мақсаты тұр.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kcell абоненттерінің 40 пайыздан астамы 5G жылдамдығын пайдаланады
21.10.2025, 20:28

Келесі жылы ұялы байланыс тарифі қымбаттауы мүмкін
21.10.2025, 20:26
Қостанайда КІА Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 20:22
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 20:19
Әзербайжан - Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі
21.10.2025, 20:16
Ташкентте денсаулық сақтау саласына арналған форум өтті
21.10.2025, 20:14
«Қайрат»-«Пафос» ойыны: Қанша жанкүйер жиналды?
21.10.2025, 20:12
«Қайрат»-«Пафос»: Спорт сарапшыларының болжамы қандай?
21.10.2025, 20:09