Электронды сауда тауарлары міндетті түрде декларацияланады
AliExpress және Temu сияқты ірі сауда алаңдарынан алынған тауарлар енді міндетті түрде декларацияланады. Бүгін Парламент Сенатында электронды сауданы реттеуге арналған заң мақұлданды. Құжат аясында электрондық сауда тауарларын жеткізуді жүзеге асыратын пошта операторы — «электронды сауда операторы» ұғымын енгізу қарастырылған. Енді электронды сауда тауарларының барлық көлемі кедендік декларациялаудан өтеді. Бұған дейін бажсыз әкелу нормасынан, яғни 31 келіден асқан жағдайда ғана тіркелді. Жаңа заң бойынша декларацияны оператор да, тауар алушының өзі де таңдауына қарай тапсыра алады. Айта кетейік, былтыр елімізде электрондық сауда көлемі 3,2 трлн теңгеге жеткен.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Қаралған хаттама шетелдік интернет-алаңдарда сатып алынған тауарлардың кедендік шекарадан өту тәртібін айқындауды көздейді. Соған сәйкес «электрондық сауда операторы» ұғымы және кедендік декларацияның жаңа түрі – электрондық сауда декларациясы енгізіліп отыр. Құжатта кедендік әкімшілендіруді жетілдіруге арналған өзге де нормалар бар.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kcell абоненттерінің 40 пайыздан астамы 5G жылдамдығын пайдаланады
21.10.2025, 20:28

Келесі жылы ұялы байланыс тарифі қымбаттауы мүмкін
21.10.2025, 20:26
Қостанайда КІА Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 20:22
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 20:19
Әзербайжан - Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі
21.10.2025, 20:16
Ташкентте денсаулық сақтау саласына арналған форум өтті
21.10.2025, 20:14
«Қайрат»-«Пафос» ойыны: Қанша жанкүйер жиналды?
21.10.2025, 20:12
«Қайрат»-«Пафос»: Спорт сарапшыларының болжамы қандай?
21.10.2025, 20:09