Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург Премьер-министрімен және Монако Князімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапары кезінде тағы да бірнеше кездесу өткізді. Мемлекет басшысы БҰҰ-ның бас алаңында Люксембург Премьер-министрі Люк Фриденмен екіжақты ынтымақтастық жайын талқылады. Жиында әсіресе цифрландыру мен қаржы технологиялары салаларындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға ерекше мән берілді. Осы мақсатта тараптар екі елдің бизнес қауымдастығы арасындағы байланыстарды жандандыруға уағдаласты. Монако Князі ІІ Альбермен кездесуде де сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту жайы сөз болды. Қасым-Жомарт Тоқаев Князь ІІ Альберді елімізге ресми сапармен келуге шақырды.
Автор
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Каспий» футбол клубы Премьер-лигада
20.10.2025, 20:33
«Қайрат» - «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді
20.10.2025, 20:31
Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті
20.10.2025, 20:30
БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
20.10.2025, 20:30
Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
20.10.2025, 20:29
Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті
20.10.2025, 20:29