Астанада тарихи ескерткіштер қалпына келтірілуде
Астанада «Таза Қазақстан» акциясы аясында тарихи-мәдени ескерткіштерді тазалау мен қорғау жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Мақсат – қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тарихи орындардың таза сақталуын қамтамасыз ету. Бүгінде бас қалада шамамен 70-тен астам ескерткіш бар. Оларды табиғи факторлар мен әр түрлі вандализмнен қорғау үшін тұрақты түрде тексеру және жөндеу жұмыстары қажет. Сондықтан аптасына бір рет реставраторлар мен музей қызметкерлері тас мүсіндерді қалпына келтірумен айналысады.
Баянды Сахарияұлы, қалалық Мәдениет басқармасы бірлескен мұражайлар дирекциясы директорының міндетін атқарушы:
Қазақтың хандары Керей мен Жәнібектің ескерткіштеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жәй сенбілік, тазалық акциясы емес, бұл жерде күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр деп айтуға болады. Өйткені бұл 2010 жылы орналастырылған ескерткіш. Содан бері міне 15 жылдың ішінде өзгерістер болса соның бәрін қалпына келтіріп, қазір жөндеу жұмыстарын өздеріңіз көріп отырсыздар.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Салық төлеу ережелері өзгереді
22.10.2025, 20:40
Сарапшы: Бюджетке сыртқы экономикалық ахуал әсер етпеуі тиіс
22.10.2025, 20:36
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
22.10.2025, 20:30
Талдықорғандағы «Қайнар» аккумулятор зауытында жаңа желі іске қосылды
22.10.2025, 20:29
Ауыл шаруашылығы техникасы арзандауы мүмкін
22.10.2025, 20:27
Сыртқы істер министрі Ресейге ресми сапармен барды
22.10.2025, 20:26
Республика күніне орай елордалық оқушылар «Атамекен» әнін шырқады
22.10.2025, 20:25
Маңғыстау облысында мереке қарсаңында маңызды екі нысан іске қосылды
22.10.2025, 20:24