Сорбұлақтағы тікұшақ апаты: Бір адамның мәйіті табылды
Алматы облысындағы Сорбұлақ су қоймасында іздестіріліп жатқан тікұшақтың бөлшектері мен бір адамның денесі табылды. Әскерилер оны шамамен 14 метр тереңдікте анықтаған. Қазіргі уақытта сәйкестендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Оқиға болған алғашқы сағаттардан бастап барлық қажетті күштер мен құралдар жұмылдырылып, іздестіру-құтқару операциясы жүріп жатыр. Аэроғарыш комитетінің қолдауымен спутниктік деректерді пайдалана отырып, математикалық есептеулер жүргізілген. Айта кетейік, Алматы облысында әскери тікұшақтың жоғалғанына он күннен асты. Іздеу жұмыстары Сорбұлақ көлінде жалғасып жатыр.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Салық төлеу ережелері өзгереді
22.10.2025, 20:40

Сарапшы: Бюджетке сыртқы экономикалық ахуал әсер етпеуі тиіс
22.10.2025, 20:36
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
22.10.2025, 20:30
Талдықорғандағы «Қайнар» аккумулятор зауытында жаңа желі іске қосылды
22.10.2025, 20:29
Ауыл шаруашылығы техникасы арзандауы мүмкін
22.10.2025, 20:27
Сыртқы істер министрі Ресейге ресми сапармен барды
22.10.2025, 20:26
Республика күніне орай елордалық оқушылар «Атамекен» әнін шырқады
22.10.2025, 20:25
Маңғыстау облысында мереке қарсаңында маңызды екі нысан іске қосылды
22.10.2025, 20:24