Үкімет басшысы: Тұрғын үй бағасы күрт өспейді
Жаңа Салық кодексі үй бағасына әсер ете ме? Көпшілікті алаңдатқан сұраққа Үкімет басшысы жауап берді. Олжас Бектенов қосылған құн салығының өсуі тұрғын үй бағасына күрт әсер етпейді деп мәлімдеді. Жаңа жылдан бастап құрылыс компаниялары пәтер сатқанда 16% салық төлейді. Қазір олар бұл алымнан босатылған. Премьердің сөзінше, Қазақстанда құрылыс қарқыны жоғары. Былтыр рекордты 18,9 млн шаршы метр пайдалануға берілді. Биыл бұл сан одан да жоғары болмақ. Ұсыныстың көп болуы бағаның тұрақтылығына әсер етеді деді Бектенов. Одан бөлек, Премьердің сөзінше, құрылысшылар баға қоярда салық жеңілдігін ескермей, артық пайда тапқан. Үкімет басшысы нарықтағы алыпсатарлық немесе сөз байласу арқылы бағаның көтерілуіне жол бермейміз деді.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Салық төлеу ережелері өзгереді
22.10.2025, 20:40

Сарапшы: Бюджетке сыртқы экономикалық ахуал әсер етпеуі тиіс
22.10.2025, 20:36
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
22.10.2025, 20:30
Талдықорғандағы «Қайнар» аккумулятор зауытында жаңа желі іске қосылды
22.10.2025, 20:29
Ауыл шаруашылығы техникасы арзандауы мүмкін
22.10.2025, 20:27
Сыртқы істер министрі Ресейге ресми сапармен барды
22.10.2025, 20:26
Республика күніне орай елордалық оқушылар «Атамекен» әнін шырқады
22.10.2025, 20:25
Маңғыстау облысында мереке қарсаңында маңызды екі нысан іске қосылды
22.10.2025, 20:24