Түркістан облысында шаруалар қазған орға жануарлар түсіп өліп жатыр
Түркістан облысында жануарлар мен жәндіктер жайылым мен егістік маңындағы терең қазылған орға түсіп, өліп жатыр. Табиғат жанашырларының айтуынша, мұндай жағдайға әсіресе тасбақалар жиі ұшырайды. Табиғат қорғау қорының жетекшісі Юлия Цаугг бір күннің өзінде 4 шақырым болатын шұңқырдың ішінен 140-тан астам жануар мен бауырмен жорғалаушыларды құтқарғанын айтады. Оның 11-і өлі күйінде табылған. Экологтардың дабылынан кейін қазылған шұңқырларды көміп, кінәлілер жауапкершілікке тартылып жатыр. Әуеден бақылау құралының көмегімен өңірде ұзындығы 200 шақырым осындай шұңқыр бары анықталған. Биыл оның 70 шақырымы топырақпен көміліп, тегістелді
Тәңірберген Оразәлиев, облыстық жер ресурстары басқармасының бас маманы:
Заң бұзушылық Сарыағаш ауданында, Келес, Бәйдібек, Отырар ауданында анықталған. Заң бұзушылық қалпына келтіріп, нұсқама берілген. Сол нұсқама кезеңінде айыппұл салынған.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kcell абоненттерінің 40 пайыздан астамы 5G жылдамдығын пайдаланады
21.10.2025, 20:28

Келесі жылы ұялы байланыс тарифі қымбаттауы мүмкін
21.10.2025, 20:26
Қостанайда КІА Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 20:22
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 20:19
Әзербайжан - Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі
21.10.2025, 20:16
Ташкентте денсаулық сақтау саласына арналған форум өтті
21.10.2025, 20:14
«Қайрат»-«Пафос» ойыны: Қанша жанкүйер жиналды?
21.10.2025, 20:12
«Қайрат»-«Пафос»: Спорт сарапшыларының болжамы қандай?
21.10.2025, 20:09