Шымкенттік оқушылар демалыста жұмысшы мамандықтармен танысуда
Шымкентте 7-8 сынып оқушылары жазғы демалысын кәсіптік техникалық оқу орындарында өткізуде. Оқу лагерьлері балалардың жұмысшы мамандықтары туралы жан-жақты біліп, оның артықшылықтары туралы ұғынуы үшін биыл алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Болашағына кәсіби бағдар түземін деген жасөспірімдер кәсіптік колледждің базасында түске дейін болып, шеберханалардағы жұмыстармен танысады. Сондай-ақ олардың мұғалімдердің дәрісін тыңдап, жұмысшы мамандармен пікірлесуіне де жағдай жасалған. Бүгінгі таңда қаладағы 33 колледжде күнделікті осындай шара өтіп жатыр. Оқу лагерлері аяқталған соң оқушыларға арнайы сертификат табысталады.
Салтанат Бауыржанқызы, оқушы:
Бұл жақта дәрістер өте ұнауда. Көптеген профессорлар және мұғалімдермен тәжірибе алмасып, дәрістер тыңдаудамыз. Түрлі тәжірибелерді көрсетті химиядан. Ол ды қызықты болды. Биылғы демалыс көңілді әрі пайдалы болып жатыр.
Бағлан Үмбетбаев, қалалық білім басқармасының бөлім басшысы:
Техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарының өзінің ғимаратында өтіп жатыр мұның барлығы. Әр күні әртүрлі бағытта робототехника, жаратылыстану, ғылыми бағытта шаралар өтіп жатыр. Үш ауысымды онкүндік бағдарлама түзілген. Оқу лагері 26 мамырдан бастап, 27 маусым аралығында жүргізілетін болады.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kcell абоненттерінің 40 пайыздан астамы 5G жылдамдығын пайдаланады
21.10.2025, 20:28

Келесі жылы ұялы байланыс тарифі қымбаттауы мүмкін
21.10.2025, 20:26
Қостанайда КІА Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 20:22
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 20:19
Әзербайжан - Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі
21.10.2025, 20:16
Ташкентте денсаулық сақтау саласына арналған форум өтті
21.10.2025, 20:14
«Қайрат»-«Пафос» ойыны: Қанша жанкүйер жиналды?
21.10.2025, 20:12
«Қайрат»-«Пафос»: Спорт сарапшыларының болжамы қандай?
21.10.2025, 20:09