Еңбек адамы – теміржолшы: Бекет кезекшісінің қызметі қандай?
Қостанайлық Ерсін Жұмабековтің теміржол саласында еңбек етіп келе жатқанына 15 жылдан асты. Осы сала бойынша жоғары білім алып, алғашқы қадамын Сарыкөл бекетінде жас маман болып бастаған. Қазір Қостанай бекетіндегі барлық қозғалыс басқарылатын магистральдық желінің кезекшісі. Теміржол – ел экономикасының күре тамыры. Сондықтан оның жұмысы барлық саланың дамуына ықпал етеді. Осы стратегиялық нысанның уақытпен санаспай, сырғитын тоқтаусыз қозғалысын Ерсін Жұмабеков сынды қарапайым еңбек адамдары қамтамасыз етеді.
Ерсін Жұмабеков, Қостанай бекетінің кезекшісі:
Пойыздар Қостанай станциясына келіп-кетуіне, қауіпсіздігіне біз жауаптымыз. Біздің жұмыскерлер ауа райына қарамайды. Боран, ыстық болсын қозғалыс тоқтамайды. Мереке, демалыс деген болмайды. Теміржолда істеу үшін шыдамды болу керек. Өйткені өте қиын жұмыс. Қазіргі жастар шыдамайды. Бір-екі ай істеп, шығып кете береді. Жаңа жылды осымен төртінші рет жұмыста қарсы алайын деп жатырмын. Үйдегілерді телефонмен құттықтаймыз да, әрі қарай жұмыс істей береміз.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kcell абоненттерінің 40 пайыздан астамы 5G жылдамдығын пайдаланады
21.10.2025, 20:28

Келесі жылы ұялы байланыс тарифі қымбаттауы мүмкін
21.10.2025, 20:26
Қостанайда КІА Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 20:22
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 20:19
Әзербайжан - Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі
21.10.2025, 20:16
Ташкентте денсаулық сақтау саласына арналған форум өтті
21.10.2025, 20:14
«Қайрат»-«Пафос» ойыны: Қанша жанкүйер жиналды?
21.10.2025, 20:12
«Қайрат»-«Пафос»: Спорт сарапшыларының болжамы қандай?
21.10.2025, 20:09