Қостанай облысында қазандық жарылды
Қостанай облысы Амангелді ауылында Мәдениет үйінің қазандығы жарылып, артынша ғимарат опырылып құлаған.
Куәгерлердің айтуынша, жарылыс кезінде іште екі адам болған. Бірі от жағушы, екіншісі шаруашылық меңгерушісі. От жағушы шығып үлгерген. Ал үйінді астында қалған 55 жастағы ер адамды құтқарушылар алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметкерлері, полиция және жергілікті атқарушы органдар жұмыс істеп жатыр. Апат салдарынан көп қабатты үш тұрғын-үй мен екі әкімшілік ғимарат жылусыз қалды. Жергілікті мамандар жылу батареяларының қату қауіпі жоқ, қалпына келтіру жұмыстары жедел жүріп жатқанын жеткізді.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда туризм саласындағы әйелдердің рөлі талқыланды
22.10.2025, 17:35

Көкшетау ұлттық табиғи паркінде соңғы 5 жылда бірде-бір өрт тіркелмеген
22.10.2025, 17:32
Талдықорғанда жаңа демалыс алаңы ел игілігіне берілді
22.10.2025, 17:28
Астаналық оқушылар «Атамекен» әнін орындады
22.10.2025, 17:23
Еліміздегі ғалымдардың 47 пайызы жастар
22.10.2025, 17:21
Ұлытау облысында «Отбасылық ферма» жобасы бойынша арзан несие берілді
22.10.2025, 17:18
Жамбыл облысында есек қаптап кетті
22.10.2025, 17:15
Павлодарлық диқандардың өнімі қар астында қалды
22.10.2025, 17:12