2026 жылы елімізде Amazon Kuiper жаңа спутниктік интернеті іске қосылады
2026 жылы елімізде Amazon Kuiper жаңа спутниктік интернеті іске қосылады. Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Amazon Kuiper бірлескен меморандумға қол қойды. Маңызды келісім нәтижесінде спутниктік байланыс арқылы елдің кез келген жерінде жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізуге болады. Тараптар ғарыштық технологиялар мен спутниктік байланыс саласындағы ынтымақты нығайтуға ниетті.
Жаслан Мәдиев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
Бұл өте маңызды меморандум. «Амазон Кайпер» Қазақстанға кіреді. Спутникті интернетті Қазақстанның адамдары ала алады. 2026 жылы менің ойымша қолжетімді болады.
Джефф Киетцман, Amazon Kuiper өкілі:
Біз министрлікпен ынтымақ орнатқанымызға қуаныштымыз және біздің бірлескен тәжірибеміз Қазақстанға пайда әкелетініне сенімдіміз. Бұл төменгі Жер орбитасындағы спутниктік байланыс мүмкіндіктерін арттырып, интернеттің жылдамдығына қатысты мәселелерді шешуге өз ықпалын тигізеді деп ойлаймын.
Ақмаржан Ғафизқызы
Автор
Ақмаржан Ғафизқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kcell абоненттерінің 40 пайыздан астамы 5G жылдамдығын пайдаланады
21.10.2025, 20:28

Келесі жылы ұялы байланыс тарифі қымбаттауы мүмкін
21.10.2025, 20:26
Қостанайда Kia Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 20:22
Елімізде Kia Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 20:19
Әзербайжан - Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі
21.10.2025, 20:16
Ташкентте денсаулық сақтау саласына арналған форум өтті
21.10.2025, 20:14
«Қайрат»-«Пафос» ойыны: Қанша жанкүйер жиналды?
21.10.2025, 20:12
«Қайрат»-«Пафос»: Спорт сарапшыларының болжамы қандай?
21.10.2025, 20:09