АЭС салуға қатысты әлеуметтік сауалнаманың нәтижелері жарияланды
Атом электр станциясының салынуын халық қолдай ма? Арнайы жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың нәтижелері жарияланды. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының мәліметінше сауалнамаға еліміздің 17 өңірі мен республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 1200 адам қатысқан. Респонденттердің жасы 18-ден асқан.
Жалпы сауалнама сұрақтарына жауап бергендердің дені, нақтырақ айтсақ, 53% атом электр станциясын салуды қолдаса, 32%-ы қарсылық білдірген. Ал респонденттердің 14,4% өз таңдауын жасамаған. Жалпы, сала маманының айтуынша, атом электр станциясын салу - электр тапшылығын шешу үшін оңтайлы ұсыныс.
Асуан Сиябеков, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС жетекші инженері:
Атом электр станциясындағы бір жұмыс орын аралас саладағы бизнес өкілдерін 10 жұмыс орынмен қамтиды. Сондай-ақ экономикаға үлкен серпіліс. Инвестицияның бізге келуі. Яғни қандай да бір өндіріс орнын ашу үшін бізге электр энергиясы керек. Сондықтан экономикалық, энергетикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін өте оңтайлы нұсқа болып табылады.
Ақмаржан Ғафизқызы
Автор
Ақмаржан Ғафизқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kcell абоненттерінің 40 пайыздан астамы 5G жылдамдығын пайдаланады
21.10.2025, 20:28

Келесі жылы ұялы байланыс тарифі қымбаттауы мүмкін
21.10.2025, 20:26
Қостанайда Kia Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 20:22
Елімізде Kia Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 20:19
Әзербайжан - Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі
21.10.2025, 20:16
Ташкентте денсаулық сақтау саласына арналған форум өтті
21.10.2025, 20:14
«Қайрат»-«Пафос» ойыны: Қанша жанкүйер жиналды?
21.10.2025, 20:12
«Қайрат»-«Пафос»: Спорт сарапшыларының болжамы қандай?
21.10.2025, 20:09