Астанада «Мыңжылдықтар тоғысындағы Түркістан» атты көрме ашылды
Астанада Республика күні мен Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы мерейтойлық саммитіне орай Ұлттық музейде «Мыңжылдықтар тоғысындағы Түркістан» атты көрме ашылды. Көрменің мақсаты – түркі мәдени мұрасын насихаттау, түркі мемлекеттері арасындағы мәдени ынтымықтастықты одан әрі тереңдету. Ол үш бөлімнен тұрады: «Тарихы терең Түркістан», «Түркістан – Түркі әлемінің рухани орталығы», «Жошы Ұлысынан Қазақ хандығына дейін». Сондай-ақ, арнайы меймандарға Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің салыну тарихы, құрылыс ерекшеліктері, кесенеге тиесілі XIV ғасыр жәдігерлері таныстырылды. Экспозицияда 130-ға жуық тың жәдігерлердің түпнұсқасы бар.
Арман Жүдебаев - ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:
Бұл тек қана Әзірет сұлтан қорығынан 127 жәдігер алынып отыр. Оны халық білу керек. Руханиятқа деген, жастарға танытуға деген өзіміздің ұлттық мәдениетімізбен таныстырып, атадан балаға мирас етіп қалдырған дүниелерімізді келесі ұрпаққа жеткізу біздің басты міндетіміз болып есептелінеді.
Ақмаржан Ғафизқызы
Автор
Ақмаржан Ғафизқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Салық төлеу ережелері өзгереді
22.10.2025, 20:40

Сарапшы: Бюджетке сыртқы экономикалық ахуал әсер етпеуі тиіс
22.10.2025, 20:36
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
22.10.2025, 20:30
Талдықорғандағы «Қайнар» аккумулятор зауытында жаңа желі іске қосылды
22.10.2025, 20:29
Ауыл шаруашылығы техникасы арзандауы мүмкін
22.10.2025, 20:27
Сыртқы істер министрі Ресейге ресми сапармен барды
22.10.2025, 20:26
Республика күніне орай елордалық оқушылар «Атамекен» әнін шырқады
22.10.2025, 20:25
Маңғыстау облысында мереке қарсаңында маңызды екі нысан іске қосылды
22.10.2025, 20:24