Зейнетақы жарнасы сенімгерлік басқаруға берілді
Елде тұрғындар зейнетақы қорында жатқан 8 млрд 700 млн теңгені инвестициялық портфельді басқарушыларға аударған. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 6 мыңға жуық өтініш түскен. Қордағы қаржының бір бөлігін бірнеше басқарушы компанияға беру туралы шешім қабылдаған азаматтар да бар. Олар инвестициялық басқаруға орташа есеппен 1,5 млн теңге аударған. Қазір нарықта 5 жеке басқарушы компания жұмыс істейді. Олардың тізімі зейнетақы қорының ресми сайтында тұр. Мамандар алаяқтардан сақ болуды ескертеді. Егер басқарушы компания лицензиясынан айырылса, зейнетақы активтері қордың Ұлттық Банктегі арнайы шотына қайтарылады. Қаражатты компанияға берген кезде табыс салығы есептелмейді.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Салық төлеу ережелері өзгереді
22.10.2025, 20:40

Сарапшы: Бюджетке сыртқы экономикалық ахуал әсер етпеуі тиіс
22.10.2025, 20:36
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
22.10.2025, 20:30
Ауыл шаруашылығы техникасы арзандауы мүмкін
22.10.2025, 20:27
Сыртқы істер министрі Ресейге ресми сапармен барды
22.10.2025, 20:26
Республика күніне орай елордалық оқушылар «Атамекен» әнін шырқады
22.10.2025, 20:25
Маңғыстау облысында мереке қарсаңында маңызды екі нысан іске қосылды
22.10.2025, 20:24
Абай облысында «Келешек мектебі» жобасы бойынша төртінші білім ошағы ашылады
22.10.2025, 20:23