Үкімет отырысы: Инфляция артып, экономикалық өсім төмендеген
Министрлер мен әкімдердің жұмысы есеп-қисаппен емес, нақты нәтижемен өлшенуі керек. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы осылай деп мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішіне тоқталды. Инфляцияның күрт өскенін, ал экономикалық өсімнің керісінше төмендеп кеткенін айтты.
Мысалы, 11 айда өсім деңгейі 4,6%-дан 2,7%-ға дейін түсті. Президент әсіресе инфляцияның соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жеткенін еске салды. Қазір бұл көрсеткіш – 19,6%. Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай ахуал жұрттың табысы мен әл-ауқатына кері әсерін тигізіп отыр,- деді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Азаматтарымыз нақты оң өзгерістер бүгін және қазір болады деп үміттеніп отыр. Осы үміт пен сенімді ақтау – алдымызда тұрған ең басты міндет әрі қастерлі парыз. Сондықтан сайлау алдындағы бағдарламаны жүзеге асыру үшін арнайы жоспар қабылданды. Барлық іс-шара уақтылы және толық орындалуы керек. Әрбір министрдің, әкімнің жұмысы статистикамен, есеп-қисаппен емес, нақты нәтижемен өлшенетін болады.
Үкімет ауыл халқының табысын арттыруға 1 трлн теңге бағыттайды. Премьер-Министр Әлихан Смайылов тұрғындардың табысын арттыру жөнінде жобаны іске асыру басталғанын жеткізді. Келер жылы бұл мақсатқа 70 млрд теңге бөлу көзделген.
Жалпы 5 жылдың ішінде осы жобаға 1 трлн теңге бағытталады. 1 миллионнан аса ауыл тұрғыны қамтылады деген жоспар бар. Осы арқылы 350 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Биыл 830 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан. Соның ішінде 233 мыңы – жастар.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Салық төлеу ережелері өзгереді
22.10.2025, 20:40

Сарапшы: Бюджетке сыртқы экономикалық ахуал әсер етпеуі тиіс
22.10.2025, 20:36
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
22.10.2025, 20:30
Талдықорғандағы «Қайнар» аккумулятор зауытында жаңа желі іске қосылды
22.10.2025, 20:29
Ауыл шаруашылығы техникасы арзандауы мүмкін
22.10.2025, 20:27
Сыртқы істер министрі Ресейге ресми сапармен барды
22.10.2025, 20:26
Республика күніне орай елордалық оқушылар «Атамекен» әнін шырқады
22.10.2025, 20:25
Маңғыстау облысында мереке қарсаңында маңызды екі нысан іске қосылды
22.10.2025, 20:24