Таңшолпан. Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасының тағдыры туралы қызықты деректер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таңшолпан. Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасының тағдыры туралы қызықты деректер

14.05.2019
Ілияс Жансүгіров - қазақ поэзиясының құлагері атанған қаламгер. Ол 1910-1917 жылдары Ақсу өзенінің жағалауында орналасқан ауыл мектебінде білім алады. Одан әрі Алматы, Ташкент қалаларында оқуын жалғастырады. 1925 жылы Мәскеудегі Журналистика институтына оқуға түсіп, сол уақытта Мәсеуде білім алған қазақтар арасында тұңғыш кәсіптік журналист атанады. Жансүгіров өлең жазуды 1912 жылы бастаған. Оның «Балдырған», «Қызыл жалау», «Сарыарқаға», «Тілек» туындылары, «Мерген Бөкен» әңгімесі және басқа еңбектері газеттерде жиі жарияланып жүрді. Осыдан былай қарай Жансүгіров халқына қаламы ұшталған, терең ойлы, талантты ақын ретінде мәшhүр болды. Ілияс Жансүгіров 1937 жылы Жазушылар одағын басқарған тұста тұтқындалған. 1938 жылы саяси қуғын-сүргін құрбаны болды. Қаламгердің шығармалары сан салалы, көп қырлы. Ол халықтың бай фольклорын жинасуға, оның озық үлгілерін халық игілігіне айналдыруға үлкен үлес қосқан. Ол А.Пушкиннің, М.Лермонтовтың, Н.Некрасовтың, М.Горькийдің, Генрих Гейне мен Виктор Гюгоның, Ғ.Тоқайдың, К.Лахутидің шығармаларын қазақ тіліне аударып, қазақ әдебиетінің әлем әдебиетімен байланысын кеңейтті. Алайда қаламгердің шығармаларына жасалған қиянат аз болған жоқ. Мысалы, 1936 жылы А.С.Пушкиннің 100-жылдығына Ілияс Жансүгіров «Евгений Онегин» романын аударып, өзінің кітабына еңгізген. Бірақ соғыс жылдары ол роман басқа кісінің атымен шыққан. Ілияс Жансүгіров ақталғаннан кейін оның туыстары соттасып, романды Ілияс Жансүгіров аударғанын дәлелдеді. Жазушының қолтаңбасына айналған «Құлагер» поэмасының тағдыры тіптен қызық.

Таңшолпан

Эфир уақыты: дүйсенбі-жұма, 7:00-10:00 аралығы«Таңшолпан» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының беташар бағдарламасы. Бағдарлама қоғамда қызу талқыға іл