180 шақырымдық «Абай жолы» ультрамарафоны басталды
Хәкімнің 180 жылдығына орай 180 шақырымдық «Абай жолы» ультрамарафоны басталды.
Қатысушылар үш сағат бұрын Семейден шықты. Қарауылтөбеге дейін жүріп өтеді. Бұл жарысқа іріктелген 30-ға жуық кәсіби марафоншы қатысып жатыр. Әр 10 шақырым сайын 17 тамақтану пункті бар. Ультрамарафонның жүлде қоры да қомақты. Бас жүлдеге автокөлік тігіліп отыр. Қалған орындарға да ақшалай сыйақы қарастырылған. Жалпы марафон ертең кешкі 7-ге дейін жалғасады. Ең соңғы атлет сайысты 26 сағатта аяқтайды деген болжам бар. Ал топ жарып алға шыққандары ертең түске таман мәреге жетеді, дейді ұйымдастырушылар.
Рамазан Саттарұлы, ұйымдастырушы:
Желаяқтардың жартысынан көбі осы уақытқа дейін 12 немесе 24 сағаттық жарыстарда 150-240 шақырым жүгіріп өткен тәжірибелі спортшылар. Жарыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 5 дәрігерден құралған бригада мен 2 жол полицейі қызмет атқарады.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем таныған ақын
18.05.2026, 20:58
«Музей түні – 2026»: Тарих пен мәдениет тоғысқан кеш
18.05.2026, 20:57
Қазақстан музейлері халықаралық ынтымақтастықты күшейтпек
18.05.2026, 20:54
LRT: Мамандар қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертті
18.05.2026, 20:14
Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы жаңа форматқа көшеді
18.05.2026, 20:12
Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке 13 бап бойынша айып тағылды
18.05.2026, 20:10
ДДСҰ эболаның өршуіне байланысты төтенше жағдай жариялады
18.05.2026, 20:09
Емханаға тіркелу ережесі өзгереді
18.05.2026, 20:07