Венесуэлада оқу жылы бір айға ұзартылды
Енді балалар жазғы демалысқа шілденің басында емес, соңында шығады. Білім министрлігінің мұндай шешім қабылдауына бүкіл елде жарықтың бірнеше аптаға екі мәрте өшуі себепші. Бұл проблемаға байланысты осы айда бастауыш және орта мектептер мен университеттерде сабақ доғарылды.
Венесуэланың мемлекеттік мектептерінде 6,5 миллионға жуық, жекеменшік мектептерінде 1 миллионнан астам бала оқиды. Олар сәрсенбі күні білім ордаларына қайта орала бастады.
Венесуэлада инфляция деңгейі миллион пайызға жетіп, экономикалық дағдарыс өршіп келеді. Ал энергия жүйесінің істен шығуы салдарынан көптеген елді мекендер мен қалаларда су тоқтап, байланыс та үзіліп отыр.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Трамп әкімшілігі тағы да сауда соғысын бастауға жақын
26.11.2026, 20:08
Сыбайлас жемқорлықпен күрес күшейтілді
26.11.2026, 20:07
«Халықтық құрылысқа» шетелдік капитал тартылады
26.11.2026, 20:05
Мемлекеттік басқаруды реформалау жөніндегі комиссияның құрамы бекітілді
26.11.2026, 20:05
Мәскеуде жасанды интеллект тақырыбына арналған халықаралық форум өтіп жатыр
26.11.2026, 20:04
Маңғыстау облысында бірнеше жаңа оңалту орталығы жұмысын бастады
26.11.2026, 19:56
Тәуелсіздік жылдарындағы медицина жетістіктері
26.11.2026, 19:55
Aport Мall жаңа отбасылық алаңдарын ашты
26.11.2026, 19:53