АҚШ тағы да Айға адам ұшырмақ
АҚШ-тың вице-президенті Майк Пенс алдағы бес жылда Айға тағы адам ұшыру керектігін айтты. НАСА басшылығы бұл тапсырманы дереу құптады. Пенс бұл ғарышты бағындырудағы ірі қадам болатынын айтады. Дегенмен, осы мақсатты жүзеге асыруға ондаған миллиард доллар кетуі мүмкін.
АҚШ 2011 жылы ғарыш кемелерін ұшыру бағдарламасын тоқтатқан еді. Содан бері НАСА шаттлдарды тағы космосқа жіберуді ойластырып отыр. Кейінгі кездері Президент Дональд Трамп Айды бағындыруға ерекше көңіл бөле бастады. Осылайша АҚШ Ресей мен Қытайдың ғарыштағы мүмкіндіктеріне қарсы тұрмақ. НАСА астронавтарды Айға 2028 жылы жіберуді жоспарлап отыр. Ал, 2024 жылы Құрама Штаттар Айдың орбитасына алғаш рет ғарыш станциясын орнатпақ.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Читайте также
Все
Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесі өзгереді – Президент жанынан Комиссия құрылды
26.11.2026, 10:13
SHARE Kazakhstan 2026 халықаралық форумы өтті
25.11.2026, 20:11
500-ге жуық көлік жуу орталығы су үнемдеу жүйесіне көшкен
25.11.2026, 20:09
Елордадағы LRT желісіне 20 жаңа станция салынады
25.11.2026, 20:08
Азаматтық кодекс – заң үстемдігінің негізі
25.11.2026, 20:07
«Мақат-Индербор-Сәтімолла» теміржолының құрылысы басталды
25.11.2026, 20:06
Сыңғырлау ауылына 40 жылда алғаш рет асфальт жол төселді
25.11.2026, 20:05
Brexit: Ұлыбритания ЕуроОдаққа қайта қосыла ма?
25.11.2026, 20:05