Германияда 640-тан астам авиациялық рейс тоқтатылды
Өйткені, Дюссельдорф, Кёльн, Штутгард әуежайларында қауіпсіздік қызметкерлері ереуілдетіп жатыр. Олардың басшылыққа қояр негізгі талабы – салыққа дейінгі сағаттық жалақыны 20 еуроға дейін көтеру. Кәсіподақтар бұл акцияны осы салада жұмыс істейтін 23 мың жұмыскердің атынан ұйымдастырғанын мәлімдеді. Ал, неміс әуежайларының дерегінше, ереуіл салдарынан 115 мыңдай жолаушы діттеген жеріне дер кезінде жете алмауы мүмкін.
Соңғы мәліметке қарағанда, кәсіподақтар мен әуе порттарының басшылары айлық туралы келіссөздерді қаңтардың 23-де жалғастырады.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Қостанайда үгіт-насихат жұмыстары қорытындыланды
26.11.2026, 22:19
Трамп әкімшілігі тағы да сауда соғысын бастауға жақын
26.11.2026, 20:08
Сыбайлас жемқорлықпен күрес күшейтілді
26.11.2026, 20:07
«Халықтық құрылысқа» шетелдік капитал тартылады
26.11.2026, 20:05
Мемлекеттік басқаруды реформалау жөніндегі комиссияның құрамы бекітілді
26.11.2026, 20:05
Мәскеуде жасанды интеллект тақырыбына арналған халықаралық форум өтіп жатыр
26.11.2026, 20:04
Маңғыстау облысында бірнеше жаңа оңалту орталығы жұмысын бастады
26.11.2026, 19:56
Тәуелсіздік жылдарындағы медицина жетістіктері
26.11.2026, 19:55