Голландиялық зейнеткер сот арқылы өз жасын 20 жылға кемітпек
Голландиялық зейнеткер соттан өз жасын 20 жылға кемітуді талап етіп отыр. Эмиль Рателбанд қазір 69-да. Айтуынша, мұндай жаста «Тиндер» танысу сайтынан кездесетін адам табу қиын. Сондай-ақ, оны қарттығы үшін ешкім жұмысқа алмай отыр.
«Атыңды, жынысыңды өзгертуге болады екен. Сонда жасты неге өзгерте алмаймыз?», - дейді әділет органдарының табалдырығын тоздырып жүрген зейнеткер жергілікті журналистерге берген сұхбатында.
Арнема қаласының соты бұл мәселе бойынша шешімді бір айдың ішінде шығаруы керек. Алайда, Голландияда адамның туған жылын ресми түрде өзгертетін заңдық механизм жоқ.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Қостанайда үгіт-насихат жұмыстары қорытындыланды
26.11.2026, 22:19
Трамп әкімшілігі тағы да сауда соғысын бастауға жақын
26.11.2026, 20:08
Сыбайлас жемқорлықпен күрес күшейтілді
26.11.2026, 20:07
«Халықтық құрылысқа» шетелдік капитал тартылады
26.11.2026, 20:05
Мемлекеттік басқаруды реформалау жөніндегі комиссияның құрамы бекітілді
26.11.2026, 20:05
Мәскеуде жасанды интеллект тақырыбына арналған халықаралық форум өтіп жатыр
26.11.2026, 20:04
Маңғыстау облысында бірнеше жаңа оңалту орталығы жұмысын бастады
26.11.2026, 19:56
Тәуелсіздік жылдарындағы медицина жетістіктері
26.11.2026, 19:55