Берлин орталығында бомба залалсыздандырылды
Берлинде Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған бомба табылып, бүгін ол сәтті залалсыздандырылды. Бұл операцияның алдында қаланың жартысына дерлігі қауіпсіз жерге көшірілген. Қауіпті аймаққа Берлин орталық вокзалы, экономика және көлік министрлігі, әскери госпиталь, Өзбекстан және Үндістан елшіліктері кірді.
Снаряд құрылыс жүріп жатқан жол бөлігінен табылған. Ол учаске жабылып, автобус, трамвай, пойыз қозғалысы тоқтатылды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 70 жылдан астам уақыт өтсе де, Германияда сол кезден қалған бомбалар мен оқ-дәрілер жыл сайын табылып жатады.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Оқушылар экологияны қорғауды ойын арқылы үйренді
26.11.2026, 10:35
Қос алыптың қайраткерлігі насихатталды
26.11.2026, 10:34
Ресейде бюджет тапшылығы 5 трлн рубльден асты
26.11.2026, 10:18
Димаштың Чилидегі алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті
26.11.2026, 10:16
Еңбектен бағын тапқан азамат
26.11.2026, 10:15
Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесі өзгереді – Президент жанынан Комиссия құрылды
26.11.2026, 10:13
Маңғыстауда оқушылар мамандықты жасанды интеллект көмегімен таңдайды
26.11.2026, 10:13
Суару жүйесін жаңарту: 3200 шақырым канал жөнделді
26.11.2026, 10:11