Австралия тұрғындары 57 мыңнан астам заңсыз қаруды үкіметке тапсырды
Австралия тұрғындары 57 мыңнан астам заңсыз қаруды үкіметке өз еркімен тапсырды. Олар 3 айлық амнистия кезінде жиналып отыр. Жойылуға өткізілгендердің арасында автомат және жартылай автомат қару түрлері көп. Билік осы шара арқылы елде қауіпсіздік арта түскенін алға тартты. Австралияда қару саудасы 1996 жылғы атыста 35 адам мерт болғаннан кейін мейлінше күшейтілді. Мұнда жеке тұлғаларға автомат және жартылай автомат винтовка мен бытыралы мылтықтарды сатып алуға тыйым салынған. Ал, заңсыз қаруды өз еркімен тапсырмағандар 210 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлеп, 14 жылға бас бостандығынан айырылады.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Оқушылар экологияны қорғауды ойын арқылы үйренді
26.11.2026, 10:35
Қос алыптың қайраткерлігі насихатталды
26.11.2026, 10:34
Ресейде бюджет тапшылығы 5 трлн рубльден асты
26.11.2026, 10:18
Димаштың Чилидегі алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті
26.11.2026, 10:16
Еңбектен бағын тапқан азамат
26.11.2026, 10:15
Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесі өзгереді – Президент жанынан Комиссия құрылды
26.11.2026, 10:13
Маңғыстауда оқушылар мамандықты жасанды интеллект көмегімен таңдайды
26.11.2026, 10:13
Суару жүйесін жаңарту: 3200 шақырым канал жөнделді
26.11.2026, 10:11