Қытай БҰҰ-ның мәліметін жоққа шығарды
Қытай Біріккен Ұлттар Ұйымының Шыңжаңда бір миллионға жуық ұйғыр қамалды деген мәліметін жоққа шығарды. Сыртқы істер министрінің орынбасары Чжан Ханьхуэй бүгін жасаған мәлімдесінде: «Олар кейбір сандарды ойдан шығарды. Бұл – қисынсыз деректер», - деді.
Былтыр тамызда Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқығы жөніндегі комиссары, Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы түзеу лагерлеріне 1 миллиондай ұйғыр мен өзге де мұсылмандар қамалғанын айтқан еді. Алайда бұл ақпаратты ресми Бейжің үнемі жоққа шығарып келеді. Сонымен қатар, Қытай үкіметі «концентрациялық лагерлер» атанған бұл мекемелерді «білім беру және кәсіби дайындықтан өткізу орталықтары» деп сипаттап отыр.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Трамп әкімшілігі тағы да сауда соғысын бастауға жақын
26.11.2026, 20:08
Сыбайлас жемқорлықпен күрес күшейтілді
26.11.2026, 20:07
«Халықтық құрылысқа» шетелдік капитал тартылады
26.11.2026, 20:05
Мемлекеттік басқаруды реформалау жөніндегі комиссияның құрамы бекітілді
26.11.2026, 20:05
Мәскеуде жасанды интеллект тақырыбына арналған халықаралық форум өтіп жатыр
26.11.2026, 20:04
Маңғыстау облысында бірнеше жаңа оңалту орталығы жұмысын бастады
26.11.2026, 19:56
Тәуелсіздік жылдарындағы медицина жетістіктері
26.11.2026, 19:55
Aport Мall жаңа отбасылық алаңдарын ашты
26.11.2026, 19:53