Главная Новости Ең ірі деректер орталығының құрылысы қызу жүріп жатыр

Ең ірі деректер орталығының құрылысы қызу жүріп жатыр

Еліміз IT саласындағы жаңашылдықтардан кем қалып жатқан жоқ. Жақында Каспий теңізі табаны арқылы Халықарлық цифрлық магистраль тартылды. Ал, келер жылдан бастап әлемнің ең ірі компанияларының деректерін сақтап, оларды өндейтін орталық іске қосылады. Екібастұзда салынып жатқан «Дата-орталықтар алқабының» цифрлық нарықта тағы қандай ерекшеліктері бар? 

Енді бір 7-8 ай ішінде еліміздегі ең күшті есептеу қуаты, жасанды интеллект инфрақұрылымының озық түрі, халықаралық цифрлық дәліздер Екібастұз іргесінде шоғырланады. Себебі, бұл жер энергия өндірудің орталығы. Ал, замануи технология түгелдей электр қуатына тәуелді. Сондықтан Қазақстандағы ең алып деректерді өндеу орталығының Екібастұзда салынуы кездейсоқтық емес.

Нуридин Сейтжан, Құрылыс учаскесінің басшысы:

Инженерлік тұрғыдан өте күрделі нысан болып саналады. Сол себепті біз инженерлік желілерді жаздың басында бастадық. Қазіргі уақытта 30% аяқталды.

Құрылысқа 400-ден аса адам жұмылдырылған. Алайда негізгі жұмыс нысанды салу емес, электрмен жабдықтау және цифрлық қондырғыларды орнату.

Болат Аманбаев, тілші:

Түптің түбінде бұл жерде 100 мың графикалық процессорға негізделген есептеу кластері құрылмақ. Бұл жүйе жасанды интеллектінің заманауи  модельін игеріп  өте ауқымды деректерді өңдеу үшін қажет. Яғни, Халықаралық цифрлық қызметтер нарығына шығуға жол ашады.

Қазірдің өзінде әлемдік деңгейдегі компаниялар, халықаралық бұлттық провайдерлер бұл жобаны бірлесіп дамыту үшін инвестиция құюға әзір. Себебі, Еуропа мен Азия аралығында интернет-трафик өткізілді.

Әйгерім Абдрахманова, Жобаға тапсырыс беруші комппния өкілі:

Бұл жобаның ерекшелігі Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосылды. Өздеріңіз білесіздер, Ақтау мен Сумгаит арасына 380 шақырым оптикалық-талшықты кабель тартылды. Яғни, жаңа желі соған қосылады және Азия мен Еуропа арасында деректер тпратудың қосымша бағытын жасайды.

Келер жылы 50 МВт тан 300 МВт қуаттағы нысандарды іске қосу жоспарланған. Бұл «Дата-орталықтар алқабының» межеленген қуатының үштен бірі ғана. Болашақта жалпы қуат 1 ГВт-қа жеткізілмек. Жобаға отандық мамандарды көптеп тарту көзделген. Кадрларды оқыту үшін  Павлодардағы Торайғыров университеті Малайзиялық әріптестерімен келісім жасады.

Поделиться