Главная Новости «Қазатомөнеркәсіптің» тағы бір басшысы қызметінен кетті

«Қазатомөнеркәсіптің» тағы бір басшысы қызметінен кетті

«Қазатомөнеркәсіптің» тағы бір басшысы қызметінен кетті. Компанияның директорлар кеңесінде болған Дархан Сағындықов басқарма мүшесі ретіндегі өкілеттігінен өз еркімен бас тартты. Ұлттық компания басшылық құрамындағы өзгерістерге қарамастан, уран қалыпты режимде өндіріліп, экспортталып жатқанын айтады. Еске салсақ, бұған дейін «Қазатомөнеркәсіптің» коммерция жөніндегі бас директоры Владислав Байғожин мен өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Омарбековтің де өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылған еді. Кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қуаныш Омарбековтің ұсталғанын растады. Алайда Дархан Сағындықовтың қызметінен кетуінің бұл тергеуге қатысы бар-жоғы туралы ресми мәлімет берілмеді.

Поделиться