Главная Новости ІІМ жол қауіпсіздігін сақтауға шақырды

ІІМ жол қауіпсіздігін сақтауға шақырды

Бүгіннен бастап еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейіп, жолдарда көктайғақ болады. Қолайсыз ауа райына байланысты Ішкі Істер министрлігі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақырды. Көлік арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтап,  жылдамдықты төмендетіп және алыс жолға шығар алдында ауа райы болжамын тексеруге кеңес берді. Сондай-ақ 1 желтоқсаннан 28 ақпанға дейін көлікті қысқы дөңгелексіз пайдалануға тыйым салынады.

Поделиться