7 жылда 1342 мектеп салынды
Соңғы жеті жылда республика бойынша 1300-ден аса мектеп салынды. Жаңа білім ошақтарында 1 миллионнан астам бала оқып жатыр. Жаңа ғимараттар үш ауысымдағы мектеп мәселесін төрт есе, апатты мектептер санын екі есе азайтуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ орын тапшылығы төрт есе қысқарды. Бұл бағыттағы ірі жобаның бірі Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы. Бағдарлама аясында 460 мың оқушыға арналған 217 мектеп салынды. Оның 84-і ауылдық жерлерде орналасқан.
Қаламқас Ділдәбекова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Инвестициялық саясат және инфрақұрылымды дамыту департаментінің бас сарапшысы:
Осы пайдалануға берілген мектептердің есебінен 1333 ауысымды, 48 апатты мектептердің мәселесі шешімін тапты. 2026 жылы 59,3 орынға арналған 101 мектеп салу көзделген. Салынып жатқан мектептер 52 құрайды, пайдалануға берілген.
Читайте также
Все