Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
Түркістан облысының Ордабасы ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, тұрғындар Қажымұқан Мұңайтпасов кесенесінің айналасын тазартты. Мемлекеттік қызметшілер мен жастар мұражай маңына 520 түп көшет отырғызып, ағаштардың түбін әктеп шықты. Сонымен қатар Темірлан ауылындағы 25 ескерткіштің маңы ретке келтірілді. Жалпы Ордабасы ауданында өткен тазалық жұмыстарына мың жарымнан астам адам қатысып, 44 техника жұмылдырылды.
Ғалымжан Орынов, Түркістан облыстық білім басқармасының басшысы:
Бұл «Таза Қазақстан» жобасының іске асырылуы өте маңызды деп ойлаймын. Себебі бұл болашақ ұрпаққа беретін тәрбиелік маңызы зор нәрсе. Себебі біз келешек ұрпағымызға таза, мықты мемлекетімізді, Отанымызды қалдыруымыз керек.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Читайте также
Все
Әлеуметтік қолдау – маңызды міндет
24.11.2026, 14:20
Ұлттық ұланда 200 өлең жазған сарбаз борышын өтеп жүр
24.11.2026, 14:17
Зерттеу нәтижесі: Қазақстандықтар елдің даму бағытын оң бағалайды
24.11.2026, 14:15
Спайкингке қарсы заңнамалық түзетулер әзірленеді
24.11.2026, 14:13
Трамп өлім жазасы үкімін тез орындауды тапсырды
24.11.2026, 14:10
Коррупцияға қарсы іс-қимыл – әділетті Қазақстанның негізгі шарты
24.11.2026, 14:08
₸1,1 млрд: Түркістан облысында субсидияны жымқыру бойынша тергеу жүруде
24.11.2026, 14:05
ЖИ-ді жауапкершілікпен пайдалану қажет
24.11.2026, 14:03