Проблемалық ипотека бойынша көмек мерзімі ұзартылды
Қазақстанда ипотекалық несиесін өтеуде қиындыққа тап болған азаматтардың қосымша көмек алуы үшін өтініш беру мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тиісті қаулы қабылдаған. Құжатқа сәйкес, қарыз алушылар 2027 жылғы 1 шілдеге дейін банктерге, Қазақстан тұрғын үй компаниясына және бағдарламаға қатысатын өзге де ұйымдарға жүгіне алады. Осы мерзімге дейін қосымша көмек алу, қолданыстағы несие шарттарын жақсарту, тұрғын үйді қаржыландыру және жалға беру мәселелері бойынша өтініш тапсыруға болады. Белгіленген мерзімде өтініш берген тұтынушыларға 2027 жылғы 1 қыркүйекті қоса алғанда көмек көрсетілуі мүмкін. Бұл мерзім комиссия қосымша көмек көрсету туралы ұсыным немесе шешім қабылдаған несиелерге де қатысты.
Автор
Қуан Нұрақын
Читайте также
Все
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10
Павлодар облысында спорт кешені ашылды
24.11.2026, 17:08
«Қызылорда – Жезқазған» тасжолы ел игілігіне берілді
24.11.2026, 17:07
Ақмола облысында 2 сүт-тауарлы ферма іске қосылады
24.11.2026, 17:05
7 жылда 655 мыңнан аса грант бөлінді
24.11.2026, 17:03
Жолаушы тасымалы 2,9%-ға артты
24.11.2026, 17:01