Талдықорғанда білім үздіктерін марапаттады
Талдықорғанда Ұстаздар күні қарсаңында білім саласының майталмандары марапатталды. 350-ге жуық педагог «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі және өзге де төсбелгілерге ие болды. Олардың арасында шәкірт тәрбиесін өмірлік ұстанымына айналдырған тәжірибелі мамандар да бар. Мерекелік жиында ұстаз еңбегінің ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы атап өтілді. Ал ұстаздар қауымы педагогтерге көрсетіліп жатқан қолдаудың маңызына тоқталды. Мұғалімді кәсіби міндетіне қатысы жоқ жұмыстарға тартуға және негізсіз есептілік талап етуге жол берілмейді. Бұл – ұстаздардың еңбек құқығын қорғауға бағытталған нақты қадам.
Гүлжанар Еспанова, «Құрмет» орденінің иегері:
Бұл марапат тек қана маған ғана берілген марапат емес, бұл барлық ұстаздарға деген құрмет. Мемлекет басшымыздың өзі білімге үлкен көңіл бөлініп отыр, үлкен сенім айтып отыр. Сондықтан біздің Қазақстанымыздың болашағы бұл білімді жастардың қолында деп ойлаймыз.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Читайте также
Все
Әлеуметтік қолдау – маңызды міндет
24.11.2026, 14:20
Ұлттық ұланда 200 өлең жазған сарбаз борышын өтеп жүр
24.11.2026, 14:17
Зерттеу нәтижесі: Қазақстандықтар елдің даму бағытын оң бағалайды
24.11.2026, 14:15
Спайкингке қарсы заңнамалық түзетулер әзірленеді
24.11.2026, 14:13
Трамп өлім жазасы үкімін тез орындауды тапсырды
24.11.2026, 14:10
Коррупцияға қарсы іс-қимыл – әділетті Қазақстанның негізгі шарты
24.11.2026, 14:08
₸1,1 млрд: Түркістан облысында субсидияны жымқыру бойынша тергеу жүруде
24.11.2026, 14:05
ЖИ-ді жауапкершілікпен пайдалану қажет
24.11.2026, 14:03