Трамп Гренландияны басып алудан бас тартты
Гренландия үкіметі мен тұрғындары АҚШ-пен жасалған әскери пактіге қошемет білдірді. Өйткені оның нәтижесінде президент Дональд Трамптың бұл арктикалық аралды басып алу жоспарынан туындаған қауіп сейіліп отыр. Мұны «Рейтер» хабарлады. Дегенмен агенттіктің дерегінше, Гренландияда Вашингтонға күдікпен қарайтындар әлі де баршылық.
Айта
кетсек, аталған құжатқа АҚШ, Гренландия, Дания басшылары Біріккен Ұлттар Ұйымы
Бас Ассамблеясының сессиясы аясында қол қойды. Үшжақты мәмілеге сәйкес, АҚШ
енді Қытай мен Ресейден төнген қауіпті алға тартып, Гренландияны өзіне қосып
алмайды. Бірақ Құрама Штаттар 57 мың адам тұратын аралдағы әскери базаларын
қайта ашып, ондағы қарулы күштерінің санын көбейтетін мүмкіндікке ие болып
отыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:12
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10
Павлодар облысында спорт кешені ашылды
24.11.2026, 17:08
«Қызылорда – Жезқазған» тасжолы ел игілігіне берілді
24.11.2026, 17:07