«Әлімбет» өткізу бекетінің әлеуеті екі есеге артады
Қазақстан мен Ресей шекарасындағы «Әлімбет» өткізу бекетінің әлеуеті екі есеге артады. Қазір құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Мұнда әр бағыт бойынша төрт жолақ қарастырылған. Оның біреуі жүк көліктеріне
арналған. Автоматтандыру жұмыстарының арқасында автокөліктерді өткізу уақыты да
қысқарады. Яғни әр көлікке шамамен 4 минут жұмсалады. Жоба аясында әкімшілік
ғимарат пен инспекциялық тексеру кешендері де салынып жатыр. Тереңдетілген
бақылау ангары мен қызметтік иттерге арналған арнайы панажай да бар.Қазірге
дейін құрылыстың 50 пайызы аяқталды. Қазавтожол ұлттық компаниясы өкілдерінің
айтуынша, нысан толықтай жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
Сырым Көшербай, инженер:
Бүкіл жағдайы жасалған бұл обьектінің. Мысалы қызметтік автокөліктерге гараж. Толықтай пожарный линиясы бар. Өрт кезінде өз-өзін сөндіре алатын жағдайы бар.
Автор
Жақсыбек Кемал
Читайте также
ВсеЕл тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10
Павлодар облысында спорт кешені ашылды
24.11.2026, 17:08